НКОК ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАДЫ

размер шрифта: Aa | Aa
10.05.2013 11:03

           North Caspian Operating Company B.V. 16 қазақстандық компанияға Халықаралық стандарттау ұйымының ISO 9001, ISO 14001, ISO 22000 және OHSAS 18001 сертификаттарын табыстады. Олардың барлығы cапаны бақылау орталығы өткізген оқытудан табысты өтіп, «TCL Central Asia» ЖШС өткізген аудиттен сүрінген жоқ.

Айта кетейік, НКОК 2011жылы жергілікті мекемелердің күш-қуаты мен өз саласында бәсекелестігін арттыру үшін ISO мен OHSAS халықаралық стандарттарына сәйкестігі үшін жабдықтаушыларды оқыту мен аттестациялау стратегиясын қабылдаған болатын. Іс-шарада сөз алған НКОК компаниясының өңірлік директоры Рүстем Ілиясов: «Қазақстандағы теңізде іске асып жатқан алғаш мұнай жобасы ретінде Қашаған жаңа технологияларды дамыту және тәжірибені қазақстандық компанияларға беру тұрғысында маңызды рөлге ие. North Caspian Operating Company B.V. компаниясы Солтүстік Каспий жобасына қазақстандық компанияларды мейлінше көптеп тартудың жақтаушысы ғана емес, сонымен бірге жобаға жұмылдырылған компаниялардың халықаралық стандарттарға жетулері үшін көмектесіп келеді» деп атап өтті.

           Консорциуммен қауымдасып, түрлі қызмет көрсету компаниялары да белсенді дамуда. Мысалы, "Key Partners Group" ЖШС оқыту қызметтері саласында компания үшін рекрутмент және консалтинг кешенді қызметтерін көрсетеді. Іс-шарада "Key Partners Group" ЖШС-ң директоры Динар Жардемова:"Қашаған жобасы ұлттық кадрлар мектебіне орасан зор импульс беріп, қазақстандық кадрларды дайындауға ынталандырды. НКОК-ң түрлі бөлімдерімен қызметтес болу - Қашаған құрамындағы үздік әдемдік компаниялардың тәжірибесін пайдалана отырып, ұсынылатын қызметтерді жетілдіруге тамаша мүмкіндік» - деді.

10 мамыр. Munaigaz.kz тiлшiсi

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту