Қазақстан мен Румыния жалпы капиталдандыру көлемі 1 млрд. доллар болатын инвестициялық қор құрмақ

размер шрифта: Aa | Aa
14.05.2013 13:51
Қазақстан мен Румыния жалпы капиталдандыру көлемі 1 млрд. АҚШ доллары болатын бірлескен инвестициялық қор құрмақ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Инвестициялық қор Қазақстан мен Румыния арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қызмет етеді, Қара теңіз аймағында және Еуропалық Одақта қазақстандық энергия ресурстарын тұтынудың өсуін қамтамасыз етеді.

«Румыния Үкіметі «Ромпетрол» компаниясының қарызын реттеудің түпкілікті шартын мақұлдады. Қол жеткен уағдаластықтарға сәйкес, «Ромпетрол» Үкіметтің Румыния аумағындағы мұнай өңдеу кәсіпорындарыныің акцияларын сатып алады. Тиісті заң жобасы ел Парламентіне ратификациялауға жіберілді, мәміленің басты негізі екі елдің инвестициялық қорын құру болды», - делінген хабарламада.  

«Ромпетрол» компаниясымен уағдаластықтарды мақұлдауға байланысты сөйлеген сөзінде Румыния Премьер-Министрі Виктор Понта ондағы басты мүдделілік Румынияның Қазақстан үшін маңызды ел, «ҚазМұнайГаз» үшін стратегиялық әріптес болып қалуы екенін мәлімдеді», - деп хабарлады ҚР СІМ.

2007-2012 жылдар кезеңінде «Ромпетрол» компаниясының «ҚазмұнайГаз» АҚ-ға тиесілі инвестицияларының жалпы көлемі 2 млрд. АҚШ долларынан асты.

  АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат

Ключевые слова: Қазақстан және ЕуропаҚР СІМЭкономикаҚазақстанның сыртқы саясатыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту