АМӨЗ жұпар иісті көмірсутек шығаратын кешенге жаңа жабдық әкелінді, ол 20 мамырдан бастап монтаждалады.

размер шрифта: Aa | Aa
15.05.2013 14:37

Әрқайсысының салмағы 292 тонна С602 А/В екі бағана Қытай Халық Републикасындағы чжанцзяганьдық «Химмаш» компаниясында дайындалған. Бұл бағалы жабдық Шанхай портынан Мариуполь және Ақтау порттары арқылы жеткізілді. 20 мамырдан бастап бұл бағаналарды монтаждау жұмыстары басталады.

Жуық арада АМӨЗ-ына басқа да бағаналар жеткізіледі, бірақ олар тұтастай емес, бөлік күйінде әкелінбек. Олардың құрылыс алаңына орнатылып, жинақталғаннан кейінгі салмағы С602 А/В бағаналарынан да ауыр болмақ. Қазақстандық компаниялар жауапты күрделі әрі ауыр бағаналарды орнату жұмыстарына дайындық үстінде. Жұмыс Қазақстан Республикасының барлық нормативтік талаптарына сай жүргізілетін болады. Осылайша зауыттықтар күрделі жабдықтарды орнату жөнінен зор тәжірибе жинамақ,-дейді зауыттың баспасөз қызметі.

 Айта кетейік,  Атырау МӨЗ-нда ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен құрылыс қарқынды жүріп жатыр. 17 құрылыс алаңында «Sinopec Engineering» компаниясы қазақстандық компаниялардың қатысуымен құрылыс-монтаждауды жалғастырып жатыр.

 15 мамыр. Munaigaz.kz тілшісі

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту