«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясы I тоқсанды шығынмен аяқтады

размер шрифта: Aa | Aa
16.05.2013 16:00
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) ағымдағы жылдың I тоқсанын 660 млн. теңге таза шығынмен аяқтады. Бұл туралы halyk-ipo.kz порталы хабарлап отыр.

altКомпания өткен жылдың ұқсас кезеңін керісінше 75,218 млрд теңге мөлшерінде таза табыспен қорытындылаған болатын. Бұл туралы Халықаралық қаржылық есеп стандартының шоғырландырылған есебінде хабарланған.

ҚМГ БӨ шығынға батуын құнсыздануға кеткен қосымша шығыстармен, бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындар кірістерінің төмендегенімен, өндірістік шығыстардың артқанымен түсіндіріп отыр. Компанияның қаңтар-мамыр айларындағы түсімі 202 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңіндегіден 2%-ға көп. Бұл мұнай бағасының төмендеуімен байланысты. 2013 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ өндіру көлемі 3,002 млн тонна мұнайды құрады, бұл 2012 жылдың дәл осындай кезеңіндегіден 1%-ға аз.

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Мұнай-газЭкономика«ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту