«ҚазТрансОйл» GDR-ді шығару мүмкіндігін қарастыруда

размер шрифта: Aa | Aa
17.05.2013 16:46
«Халықтық IPO» бағдарламасының дебютанты «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) өз акцияларына GDR-ді (жаһандық депозитарийлік қолхаттарды) шығару туралы шетелдік инвесторлармен алдын ала келіссөздер жүргізуде.

altБұл туралы ҚТО-ның инвесторлармен байланыс жөніндегі қызметінің жетекшісі Алмаз Масалин бейсенбі, 16 мамыр күні Алматыда өткен халықаралық PR-форум аясындағы «Халықтық IPO» бойынша секцияда айтты, деп хабарлайды Халықтық IPO-ның ресми сайты.

«Біз, сөз жоқ, ҚТО акциялары KASE-те сатып алынғанын қалаймыз. Алайда, бірқатар шетелдік инвестициялық қорлар мен банктер ҚТО акцияларына GDR-ді шығару туралы бастама көтеруде. Бұл шетелдік компанияларға компанияның бағалы қағаздарын сатып алуға мүмкіндік береді», - деді А.Масалин. 
Ал «ҚазТрансОйл» компаниясының өзіне GDR-ді шығару инвесторлар базасын кеңейтуге, шетелдік нарықтарға қолжетімділікті оңайлатуға, акцияларының өтімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оның бағалы қағаздары KASE тізіміне 2012 жылдың 5 қарашасында енгізілген болатын. Олар бойынша сауда 25 желтоқсанда басталды. Ал ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап ҚТО акциялары KASE индексінің өкілетті тізімінде тұр.

 АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Бағалы қағаздар рыногы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту