«ҚМГ Қашаған Б.В.» компаниясын 12 млрд. теңге салық төлемеген деп айыптауда

размер шрифта: Aa | Aa
21.05.2013 16:52
Қаржы полициясы департаменті «ҚМГ Қашаған Б.В.» компаниясының бухгалтеріне қатысты 12 млрд. теңге салық төлеуден жалтаруға жәрдемдесуге күдікті ретінде іс қозғады.

Қаржы полициясынан хабарлағандай, қылмыстық іс  салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдерден жалтарғаны үшін жазалауды көздейтін ҚР ҚР-нің 222-бабымен қозғалып отыр.

Бухгалтер 2008 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта декларацияға көрінеу қате мәлімет көрсетуге күдіктелуде. Соның салдарынан мемлекет 12 млрд. теңге салықтан қағылып отыр.  

Еске сала кетейік, «KMG Kashagan B.V.» жауапкершілігі шектеулі жеке компания 2005 жылы Нидерланды юрисдикциясымен құрылды. Компанияның жалғыз акционері - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ. 2006 жылы Астанада компанияның филиалы тіркелді. Оның негізгі қызметі - ҚР Үкіметімен 1997 жылғы 18 қарашада жасалған Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлу жобасы келісімін жүзеге асыру.

АТЫРАУ. 20 мамыр. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: БюджетМұнай-газҚаржы полициясыАтырау облысыҚылмыспен күрес
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту