KEGOC» АҚ БҰҰ –ның Ғаламдық шартына қосылды

размер шрифта: Aa | Aa
21.05.2013 16:56

Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің  (БЭЖ) Жүйелік операторы «KEGOC» АҚ  БҰҰ-ның Ғаламдық шартына қосылды   деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

ООН

«БҰҰ-ның Ғаламдық шартына қосылу Компанияның Қазақстандағы корпоративтік басқару саласында көшбасшылардың бірі болып қалу мақсатын көздейді. Біз әрқашан әлемдік үздік іс-тәжірибеге сай болуға ұмтыламыз, сондықтан да Компанияның орнықты дамуына және жауапты азаматтық ұстанымына ықпал ету жөніндегі ерікті бастамамызды таныттық», -деп келтіреді баспасөз қызметі  KEGOC Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевтің сөздерін.

БҰҰ Ғаламдық шарты өз қызметін адам құқығы, еңбек қарым-қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және жемқорлықпен күрес аясындағы көпшілікке танымал он қағидатқа сәйкес жүргізгісі келетін іскери саланың өкілдері үшін негіз болып табылады.

KEGOC 135 елден 8000 коммерциялық және бейкоммерциялық қатысушысы бар дүние жүзіндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласы бойынша ірі ерікті бастама - БҰҰ-ның Ғаламдық шартына Қазақстаннан қосылған 24-ші компания болды.

АСТАНА, 21  мам –Қазақстан жаңалықтары АА. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту