Әлемдік инноваторлар жаһандану дәуірінде «ақылды» технология көмегімен адам өмірін жақсартпақ

размер шрифта: Aa | Aa
21.05.2013 18:45

Баспасөз - релизі. 21.05.2013.  Астана                                                                                                                          

Әлемдік инноваторлар  жаһандану дәуірінде «ақылды» технология көмегімен адам өмірін жақсартпақ

2013 жылдың  22-24 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының елордасы,  Астана қаласында БҰҰ-ның қолдауымен   VI Астана экономикалық форумы (АЭФ) және  тұңғыш Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясы (ДҚДК) өтеді.

Бүгін Форум қарсаңында “ASTEX 2013” атты I  Халықаралық көрме-конференциясы басталды. Ол екі күнге созылмақ. «ASTEX» аясында 4 сессия  жоспарлануда. Атап айтқанда:   Smart Government, Smart Industry, Smart Business және Smart Life.  “ASTEX” көрме-конференциясы  «ақылды технологиялардың» ірі көрме павильоны ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу және саланың ең өзекті мәселелерін талқылауға арналған халықаралық платформа.

Шараға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев және  ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов  қатысты.  «Жаңа заманауи технологияларды еңгізуде оң нәтижелерге қол жеткіздік. БҰҰ рейтингісінде 2012 жылы Қазақстан  190 елдің ішінде 38 орынға табан тіреді.  Электр  байланысы халықаралықодағының  желілік дайындық индексі бойынша біз 43 орындамыз, индекс және қатысу бойынша Қазақстан Сингапурмен бірге екіншіорынды бөлісіп отыр», - деді Бақытжан Сағынтаев. Ведомства басшысы интернет желісін пайдаланушылар саны Қазақстанда 65 пайыздан асқандығын да жеткізді. Ал бұл 10 миллионнан астам адамды құрайды. 

Осы  жылдың соңына дейін ауыл халқы 100% ғаламтормен қамтылатынын жеткізді. «Қазақ елі  телекоммуникациялықсектордағы соңғы барлық технологияларды еңгізген мемлекет. Астана мен Алматы қалаларында  4G іске қосылды. Жыл аяғына дейін біз бұл технологияны барлық облыс орталықтарында, ал 2018 жылға дейін барлық аудан орталықтарында енгізуді жоспарлап отырмыз»,- деді сөз барысында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов. Жалпы Қазақстанға әлемнің әр түкпірінен 50-ге жуық кәсіпқой спикерлер келді, олардың ішінде шетел компаниялардың басшылары, ірі инвесторлар, бизнес-оқытушылар, профессорлар бар. 

Ертең (22 мамыр күні)  “ASTEX 2013”-тың  тұңғыш сыйлығы тарту етілмек. “ASTEX 2013”-тың ең үздік блогері, стартап-жобасы, сонымен қатар мемлекеттік, корпоративтік сектордағы және кіші және орта бизнес саласындағы IT-менеджерлері анықталып, жүлделермен марапатталады.

Қазақстандық БАҚ өкілдерімен жұмыс менеджері «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы»  Қауымдастығы, Айжан Мурзахметова
Тел.: +7 7172 57 17 95 E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
«SUCCESS K»  Медиа агенттігінің қазақстандық БАҚ өкілдерімен жұмыс жасайтын менеджері Алия Бердиева.

Munaigaz.kz

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту