Астана қаласында қазақ-мажар іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
21.05.2013 19:05
KAZENERGY Қауымдастығы
Баспасөз хабарламасы. Астана, 21 мамыр 2013 жыл

Мамырдың 22-сі күні Астана қаласында қазақ-мажар іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Кеңестің төрағалары KAZENERGY Қауымдастығының төраға орынбасары Жанболат Сәрсенов пен Венгрияның «MOL» мұнай газ компаниясының атқарушы вице-президенті Шандор Фашимон қос мемлекеттің кәсіпкерлер қауымдастықтарының тізе қосып, нәтижелі қызмет көрсетуін көздейді. Биыл қаңтарда Қазақстанның іскерлік топ басшылары мен өкілдері Будапештке арнайы барып, кеңестің алғашқы отырысына қатысып қайтты. Жиын барысында екі мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге пәрмен беретін бірқатар маңызды бастамаларды жіті талқылады. Осылайша, Қазақ-Мажар мемлекеттерінің басшылары қойған міндеттерді орындауға кірісті.

Кездесу тәртібіне сәйкес, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, кәсіпті-техникалық білім беру салаларын жақсартуға ықпал ететін мәселелерді пысықтайды. Сонымен қатар, медицина, фармацевтика және құрылыс төңірегінде жайлы әңгіме өрбімек.

Басқосуда Мажарстанның ең ірі «MOL» мұнай компаниясының Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарын игеруге қатысу мүмкіндігі мен осы компанияның KAZENERGY Қауымдастығына мүшелікке өту туралы өтініші де қарастырылады.

Осы күні Мажарстанның Қазақстандағы сауда үйінің салтанатты ашылуы да ұйымдастырылмақ. Өкілдік отандық кәсіпкерлердің Еуропа нарығына шығып, Венгрияның Қазақстанға инвестиция мен озық технологиялар тарту мәселесімен шұғылданады.

Қауымдастықтың баспасөз қызметі
+77172790181
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту