Қазақстан Қашаған жобасындағы ConocoPhillips үлесін сатып алу мәселесін қарау мерзімін ұзартты

размер шрифта: Aa | Aa
22.05.2013 13:43

Қашаған жобасындағы ConocoPhillips-тің үлесін сатып алу мәселесін қарау үшін құрылған ведомствоаралық комиссия бұл мәселені қарау мерзімін 2-шілдеге дейін ұзартты, деп хабарлады мұнай және сауда министрі Сауат Мынбаев.

altБұл туралы ол сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне айтты.
Алдында Қазақстан 25-мамырға дейін шешім қабылдайды деп жоспарланған болатын.
Қазақстан Солтүстік-Каспийлік жобадағы СonocoPhillips-тің 8,4 пайыз үлесін сатып алуда артықшылық құқыққа ие. 
Алдында С.Мыңбаев белгілі бір шарттармен артынан Қытайға сату үшін Қазақстан ConocoPhillips үлесін сатып алуы ықтимал, деп хабарлаған болатын.
Солтүстік-Каспийлік жобадағы Қашаған кен орнын NCOC консорциумы игеруде, оның акционерлері Agip Caspian Sea B.V. (16,81%), KMG Kashagan B.V. (16,81%),ConocoPhillips North Caspian Ltd. (8,4%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,81%), Inpex North Caspian Sea Ltd. (7,56%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,81%) және Total EP Kazakhstan (16,81%).

Астана. 22 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту