Қазақстандағы даму институттары, мемлекеттік банктер мен қаржы компанияларының акциялары жаңадан құрылатын «Бәйтерек» холдингінің басқаруына беріледі

размер шрифта: Aa | Aa
22.05.2013 18:41

 Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингін» құру туралы жарлыққа қол қойды.
«Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру мен ұлттық экономиканы дамытуға арналған бірқатар шаралар туралы» жарлық мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.


«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – ұлттық басқару холдингі. Оның негізгі қызметі өз меншігіндегі акциялар мен даму институттары, ұлттық компаниялардың және өзге де заңды тұлғалардың сенімгерлік басқаруға берген акцияларын басқару болып табылады», - делінген құжатта.
Үкіметке мемлекеттік акция пакеттері аталған холдингке берілетін акционерлік қоғамдар тізімін бекіту тапсырылды. Олардың қатарында: «Ұлттық технологияларды дамыту агенттігі» АҚ (мемлекет үлесі 100%), «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ (100%), «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ (91,3554%), «Қазақстанның ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» АҚ (100%), «Дағдарысты активтер қоры» АҚ (100%), «Қазақстан даму банкі» АҚ (100%), «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (100%), «ҚазЭкспоГарант» экспорттық-несие сақтандыру компаниясы» АҚ (100%), «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ (100%), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (100%) бар.

Астана. 22-мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту