
2013 жыл 23 мамырда «KAZENERGY» қауымдастығы VI Астана экономикалық форумы аясында «Жаңа энергетикалық ландшафт – энергетикалық болашақтың тірек факторлары» атты конференция өткізеді
размер шрифта: Aa | Aa |
22.05.2013 19:28 | ||
KAZENERGY қауымдастығы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2013 жыл 23 мамырда Тәуелсіздік сарайында «KAZENERGY» қауымдастығы VI Астана экономикалық форумы аясында «Жаңа энергетикалық ландшафт – энергетикалық болашақтың тірек факторлары» атты конференция өткізеді. Конференция екі секцияда ұйымдастырылады. №1 секция: мұнай-газ секторы мен әлемдік энергетикалық нарықтың дамуына арналады. №2 секция: энерготиімділік пен қуаттың балама көздерін пайдаланудың алғы шартарына баса көңіл бөлінбек. №1 секция: Әлемдік энергетикадағы қазіргі ахуалды зерделесек халықаралық энергетикалық нарықтың негізгі ойыншылары арасындағы қарама-қайшылықтар одан бетер күшейіп келеді. Қуат өндірушілер мен тұтынушылар арасында XX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасқан өзара қарым-қатынас тәжірибесі келмеске кетіп барады. Әлемдік қуат нарығын басқару механизмдерінің бұрынғыдай қауқары жоқ. Қытай мен Үндістан сияқты алпауыттардың нарыққа етене енуінен тұтынушылар арасындағы бәсекенің қыза түскені айқын аңғарылады. Қуат көздерінің негізгі тұтынушылары жоғары дамыған мемлекеттер мен Азияның дамушы елдері. Сөйте тұра қажетті көмірсутегі қорының басым бөлігі дамушы және экономикасы өтпелі кезеңге енді жеткен мемлекеттер тобында шоғырланған. АҚШ, Еуроодақ пен Қытай сынды алпауыт тұтынушылар қолда бар кэономикалық саяси әлеуетін түгел өндіруші елдерге бағыттап, бәсекелестікті қыздырды. Салдарынан геосаяси жағдай да күрделе түспек. Есесіне бұл өндіруші мемлекеттердің өз қонауындағы көмірсутегі қорларына қолжетімділік саясатын өзгертуіне сеп болды. Әлемдік мұнай қорының басым бөлігін бақылауда ұстап отырған ұлттық мемлекеттік компаниялардың стратегиясы да өзгерді. Барланған ірі қоры бар мемлекеттік компаниялар енді шикізатты өңдеу саласын қарқынды дамытып, өнімді тасымалдау мен сату құрылымдарынан енші алуға талпынып отыр. АҚШ-тағы төңкерістік инновациялардың арқасында сланц газының коммерциялық өндірісі басталды. Бұл да әлемдік энергетикалық ландшафтқа өзгеріс енгізеді. Қуат көздерінің жаңартымды, жамғыртымды түрлері жан-жақты әрі белсенді пайдаланылып жатқанына қарамастан бәрібір жақын болашақта тұтынылатын қуат көзінің басым бөлігі дәстүрлі энергия болып қала бермек. Ал көрсутегі шикізатын өндеу орындары, көлік-логистикалық жүйелерін толықтай қолына алып, бақылап отырған трансұлттық копорациялар өздерінің ресурстық қорын одан әрі ұлғайта түсу стратегиясын ұстанып отыр. Бұл арада мүдделер қайшылығы одан сайын ушығып, алдағы ондаған жылда әлемдік қуат нарығында шешуші мәнге ие болады. Мақсат пен көзделген нәтиже. Геосаяси ахуалды ескере отырып, әлемдік қуат нарығының негізгі тенденциясын анықтау. Одан әрі әрекет етудің ең тиімді жол-жоспарын әзірлеу. Cекция жұмысы қатысушылар мен аудитория арасындағы пікірталас түрінде өтеді. Талқыланатын сұрақтар:
Төмендегі спикерлер болады деп күтілуде:
Шараның модераторы – Джулиа Нанэй, PFC Energy аға директоры №2 секция: Тәуелсіздік алғанан бергі 20 жылдағы бірізді, тұрақты дамудың арқасында Қазақстан қазір «жасыл» технологияларды тәжірибеде пайдаланудың тартымды нарығы болып табылады. Қазір біз мығым энергоресурстарға ие бола тұра, оларды парасатты пайдаланып, қолда бар қуат күшін жетілдіруде энергетикалық тиімді, экологиялық қауіпсіз технологияларды қолданатын, қуаттың жаңғыртымды түрлерін барынша өндіріске енгізген үлгілі мемлекетке айнала аламыз. Алға қойылған мақсатқа жету үшін Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев үкіметке Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу стратегиясын әзірлеп, енгізуді тапсырған болатын. Осы орайда ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуді адамзаттың тұрақты дамуы үшін әлемдік қауымдастық қолға алған ортақ іс - тиімді шешімдер мен жаңа технологияларды енгізу ісіне Қазақстанның сүбелі үлесі деуге болады. Мақсат пен көзделген нәтиже. Балама қуат көздерінің даму тенденциясын айқындау. Оларды пайдаланудағы Қазақстанның әлеуетін бажайлау. Cекция жұмысы қатысушылар мен аудитория арасындағы пікірталас түрінде өтеді. Талқыланатын сұрақтар:
Төмендегі спикерлер болады деп күтілуде:
Шараның модераторы – Мэтт Сейгерс, IHS CERA аға директоры KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметі
+77172790181, 790199
|