С.Ахметов Шетел инвесторлары кеңесінің мүшелерін Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуға шақырды

размер шрифта: Aa | Aa
23.05.2013 11:09
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі мүшелерімен бірқатар кездесулер, сондай-ақ «Шелл» компаниясының жобалар мен технологиялар бойынша атқарушы директоры М.Бихселмен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайтынан хабарланды.

«Тоталь Апстрим» компаниясы бөлімшесінің президенті Ив-Луи Дарикарэрмен болған кездесу барысында мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері және одан арғы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. С.Ахметов «Тоталь» компаниясына Қазақстанның мұнай-газ өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. 

Өз кезегінде, И-Л.Дарикарэр «екіжақты өзара іс-қимыл әлеуеті өзара мүдделер кеңістігін кеңейте түсуге мүмкіндік береді», дей келіп ынтымақтастықты тереңдете түсу мәселесіне тоқталды.

«Би Джи Групп» компаниясының бас атқарушы директоры Крис Финлейсонмен кездесуінде Серік Ахметов мұнай-газ саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін әңгіме арқауына айналдырды.

Премьер-Министр екіжақты өзара іс-қимыл перспективаларын жоғары бағалай отырып, «Би Джи Групп» компаниясын Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуға шақырды.

«Бүгінгі күні елімізде негізінен алдымен инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған жаңа экономика құруға мүмкіндік беретін ауқымды индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Экономикамыздың одан әрі дамуын біз бірқатар өлшем бойынша шетел инвесторлары қызметімен байланыстырамыз», - деді С.Ахметов.

К.Финлейсон Үкімет басшысының ұсынысын қолдай келіп, «компания іскерлік байланыстарды кеңейте түсуге» дайын деді.

Премьер-Министрдің «Шелл» компаниясының жобалар және технологиялар бойынша атқарушы директоры Матиас Бихселмен кездесуі барысында мұнай-газ секторындағы ынтымақтастық мәселелері төңірегінде әңгіме болды.

Бұл мәселе Серік Ахметовтің «Эксон Мобил» компаниясының аға вице-президенті Марк У.Алберспен кездесуі кезінде де талқыланды.

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат

Ключевые слова: ЭкономикаҚР Премьер-МинистріИнвестицияларМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту