«ҚазТрансОйл» акционерлерінің отырысында дивиденд көлемі анықталмақ

размер шрифта: Aa | Aa
27.05.2013 17:52
Ертең, 28 мамырда Астанада «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы отырысы өтеді, деп хабарлайды «Халықтық IPO» бағдарламасының ресми сайты.

Бұл отырыста 2012 жылдың дивиденд сомасы анықталатын болады. Бұның алдында «ҚазТрансОйл» компаниясының директорлар кеңесі бір акция үшін 75 теңге көлемінде дивиденд төлеу жөнінде ұсыныс жасаған болатын. «ҚазТрансОйл» компаниясы «Халықтық IPO» бағдарламасының дебютанты, оның акциялары 2012 жылы сатылған еді. Шамамен 34 мың қазақстандық аталған компанияның акционері атанды.

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газБағалы қағаздар рыногы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту