ҚазТрансОйл дивидендтерге 2012 жылғы пайда мөлшерінің 86%-ын бағыттайды

размер шрифта: Aa | Aa
30.05.2013 09:39

«ҚазТрансОйл» АҚ дивидендтерге 2012 жылғы пайда мөлшерінің 86%-ын бағыттайды деп мәлімдеді сәрсенбіде компанияның бас директоры Қайыргелді Қабылдин.

«ҚазТрансОйл» АҚ дивидендтерге 2012 жылғы пайда мөлшерінің 86%-ын бағыттайды»,-деп атап өтті ол.

altҚабылдиннің айтуынша, акционерлер жалпы жиналысының шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2012 жылдағы шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі бекітілді. Оған сәйкес компанияның негізгі қызметінен алынған шоғырландырылған кіріс 2011 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артып, 143 млрд 061 млн теңгені құрады, ал шоғырландырылған таза пайда 33,5 млрд теңгені құрап, 2011 жылдағы нәтижеге қарағанда 29,1%-ға артты.


«Сонымен қатар, «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері 2012 жылдағы таза кірісті үлестіру тәртібін бекітіп, қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы және компанияның бір қарапайым акциясына шаққандағы дивидендтің 2012 жылдағы мөлшерін бекіту туралы шешімді қабылдады. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір қарапайым акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 75 теңгені және немесе орналастырылған акция бағасының 10,3%-ын құрайды»,-деді  Қабылдин баспасөз конференциясында.

АСТАНА,  29 мам –Қазақстан жаңалықтары АА. 
Ключевые слова: «ҚазТрансОйл» АҚ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту