Мәжіліс Қазақстан-Қытай газ құбырын еліміздің оңтүстік өңіріне пайдалануды қарастыратын жобаны мақұлдады

размер шрифта: Aa | Aa
31.05.2013 12:41
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Мәжіліс мақұлдаған құжат Сенатқа жолданады.

Құжаттың негізгі мақсаты - Қазақстан-Қытай газ құбырының бірінші учаскесінің қуатын пайдалануға берілген «А» және «В» желілерімен бірге бірыңғай дәлізде үшінші «С» желісін салу жолымен ұлғайту мақсатында 2007 жылдың 18 тамызындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылады. Бұл ретте үшінші «С» желісін салу республикалық бюджет қаржаты тартылмайды, оған Қытай тарапының инвестициялары жұмсалатын болады.

Хаттамаға сәйкес, Түркіменстаннан және Өзбекстаннан шығатын газ Қазақстанның оңтүстік облыстарында ішкі тұтыну үшін газ құбырының бірінші учаскесінің «С» желісі арқылы берілуі мүмкін.

Газ құбырын сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында тараптар ондағы төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарды үйлестірудің екіжақты немесе көпжақты тетігін жасайды. Қазақстанның оңтүстік облыстарында екінші учаске бойынша берілетін газдың жетіспеушілігіне алып келген төтенше және алдын алуға болмайтын жағдайлар орын алғанда Қазақстанның уәкілетті ұйымы келісілген жоспарға сәйкес бірінші учаскенің «С» желісі бойынша тасымалданатын транзиттік газды шұғыл іріктеуді жүзеге асыруға, ал қажет болған жағдайда «А» және «В» желілері бойынша жүргізуге құқылы. 

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: ЗаңМұнай-газПарламентҚазақстан және Қытай
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту