34 мыңға жуық қазақстандық «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 8 пайыз акциясының иесі атанды

размер шрифта: Aa | Aa
31.05.2013 18:43
"Халықтық IPO" бағдарламасы аясында 34 мыңға жуық қазақстандық "ҚазТрансОйл" АҚ-ның акционерлері атанды.

 ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, бұл туралы аталған ұлттық компания бас директорының орынбасары Болат Закиров құнды қағаздардың қайталама нарығындағы ҚТО акцияларының айналымы мен өзекті мәселелеріне және "Халықтық IPO" бағдарламасы перспективаларына арналған дөңгелек үстел барысында мәлім еткен. 

"Барлық орналастырылған акцияларды бекітілген құрылымға сәйкес қортынды бөлу  соңында мынадай жағдайды қалыптастырды: "ҚазМұнайГаз" АҚ акциялардың 90 %-на ие, Қазақстанның 33 мың 989 азаматы меншігіне 8% акцияларды алды, 10 зейнетақы қоры 2%-дан астам акцияны және 0,05%-ды маркет-мейкерлер алды", - деді Б.Закиров.

Компания басшысы орынбасарының айтуынша, сату көлемі бойынша ҚТО акциялары KASE-де көшбасшылар болып табылады.

"ҚазТрансОйлдың" IPO қазірдің өзінде жағымды әсер берді: қазақстандықтардың экономика инвестицияларына сенім артуы, еліміздің қор нарығында инвесторлар санының артуы. Компания үшін акцияларды орналастыру инвестициялық жобаларға қосымша қаржыландыруды тартуға мүмкіндік берді, әріптестеріміздің көбісі компания акционерлері болып, дивиденттерді алу арқылы өз жұмысының нәтижесін сезіне алды", - деп атап өтті Б. Закиров.

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Халықтық IPOҚазТрансОйл
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту