Астана әкімі инвесторларды «жасыл экономика» мен болашақ энергиясын жасаушылар клубына қатысуға шақырды

размер шрифта: Aa | Aa
24.05.2013 15:13
Бүгін Астанадағы VI Экономикалық форум аясында өтіп жатқан «Астана Инвест-2013» ІV Халықаралық инвестициялық форумы барысында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов инвесторларды «жасыл экономика» мен болашақ энергиясын жасаушылар клубына қатысуға шақырды.

Елорда әкімінің айтуынша, Астана алдында таза экология мен өмір сапасының жоғары стандарттары қамтылған инновациялық жаңа қала ретінде даму туралы айқын мақсат тұр.

«Мұнда бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер баршылық. Осы мақсатта қазірдің өзінде инвестициялық алаң ретіндегі бірқатар бағдарламалық жобалар әзірленді. Бұлар энергетикалық тиімділік пен жаңартылатын энергия көздері саласындағы мәселелерді қамтитын «Астана Грин-сити» жобасы. «Астана-мобилити» жобасы қаладағы логистика мен көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді. Ал «Welkom to Astana» жобасы қонақ үй бизнесі мен қызмет көрсету саласын халықаралық стандарттармен бірегейлендіруді көздейді.  Осы жобаларды сіздерге ұсына отырып, біз тек қана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға шақырып қана қоймай, сіздерді жаңа «жасыл экономика» мен болашақ энергиясын жасаушылар клубына қатысуға шақырамыз», - деді И. Тасмағамбетов.

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Басқа меморгандарИнвестицияларVI Астана экономикалық форумыАстанаИнновациялық жобаЭкономикаӘкім
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту