Үкімет инвесторларды ірі жобаларды жүзеге масыру барысында мамандар оқыту орталығын ұйымдастыруға міндеттемек

размер шрифта: Aa | Aa
04.06.2013 13:04

Премьер-министр Серік Ахметов ірі индустриалды жобалармен айналысатын инвесторларды қазақстандық мамандарды оқыту орталығын ашуға міндеттеуді тапсырды.

alt«Ербол Тұрмаханұлы (Орынбаев, вице-премьер - ИФ-Қ) сізге, Білім министрі мен Индустрия министріне тапсырма: осындай ірі жобаларды жасаған кезде жеке даярлық орталықтарын ашуға міндеттейік. Осы мәселені пысықтап, ұсыныстар әзірлеңіздер», - деді ол үкіметтің сейсенбідегі алқа отырысында.
Отырыста министрлер кабинеті мүшелері мұнай-химия саласын дамыту бағдарламасын талқылап жатыр.
«Даярлау және қайта даярлау орталықтарын компаниялардың, кәсіпорындарлың өздері жасауы тиіс, (...) әйтпесе, мемлекет ешқашан оларға маман даярлап бере алмайды! Бұл олардың міндетін біраз жеңілдетеді. Яғни, олар үкіметтен квота сұрайды, үкімет квота береді. Содан соң олар жұмыс күшін әкеледі. Шебер мамандарды айтпай-ақ қояйын! Мұнай-газ саласында осындай түсінік қалыптасқан ғой?! », - деп наразылық білдірді үкімет басшысы.
Оның айтуынша, мемлекет бұл мәселеде тек мамандарды аккредитациялаумен ғана айналысуы тиіс.
«Экономиканың химия, мұнай-химия сынды күрделі салаларында маман даярлаумен тек Білім министрлігінің айналысқаны дұрыс емес. Президент бірінші кезекте не айтты? Жаңа компаниялар даярлық, техникалық қайта даярлау орталықтарын өздері ашуы тиіс. Мәселен, KPI («Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС), осындай ірі жоба жеке оқыту орталығын ашпайды?!», - деп атап өтті ол.

Астана. 4-маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту