Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «жасыл» экономикаға өту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді

размер шрифта: Aa | Aa
04.06.2013 13:06

Премьер-министр Серік Ахметов Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне екі аптада «жасыл» экономикаға өту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

«Жасыл» экономикаға өту жөнінде жаңа тұжырымдама бекітілді. Үкімет жексенбі күні Еурокомиссия төрағасы Баррозу мырзамен кездесуде «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасымен таныстырды. Еуропалық комиссия оны жоғары бағалады. Он негізінен табиғат ресурстарын пайдалануды оңтайландыруға, экологиялық жүйені тиімді басқаруға, таза технологияларды кеңрек енгізуге, қалпына келетін қуат көздерін дамытуға, халықтың экологиялықмәдениетін қалыптастыруға бағытталған», - деді ол үкіметтің сейсенбідегі отырысында.
«Тұжырымдаманы табысты жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет. Сондықтан Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне екі апта ішінде осы жоспарды әзірлеп, үкімет қарауына беруді тапсырамын. Ол нақты әрі түсінікті болуы тиіс», - деді ол.

Астана. 4-маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту