Дәурен Ердебай «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

размер шрифта: Aa | Aa
04.06.2013 17:57

 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары лауазымына Дәурен Ердебай тағайындалды, деп хабарлады сейсенбіде компанияның қоғаммен байланыс департаменті. 

altХабарламаға сәйкес, Ердебай 2009 жылдан бастап «Бірлескен химиялық компания» ЖШС Басқарма төрағасы қызметін атқарып келген болатын. 2007 - 2009 жылдары «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС Бас директорының лауазымында жұмыс істеді. Сонымен қатар, әр уақыттарда мемлекеттік қызмет пен жеке секторда түрлі жауапты міндеттерді атқарды.

Қуандық Бишімбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты, қызметінен босатылды. 

АСТАНА, 4 мау – Қазақстан жаңалықтары АА.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту