Алматыда маусым айында Expo-Russia Kazakhstan өнеркәсіптік көрмесі өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
04.06.2013 18:00

Алматыда 5-7 маусым аралығында IV өнеркәсіптік Expo-Russia Kazakhstan 2013 көрмесі, 5 және 6 маусым күндері-II Алматылық бизнес-форум 2013 өтеді.

altБизнес-форумда БЭК елдерінің ДСҰ-на ену мүмкіндіктері мен келешегі, Беларусия, Қазақстан, Ресейдің шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жайы қалай болмақ, сол жағы қаралады, деді Алматыда сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында РФ-ның Сауда-өнеркәсіптік палатасының Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Виктор Жигулин.
"Форум мен көрмеге қатысатындарын экономиканың әр түрлі салаларында жұмыс істеп жатқан компаниялар растады, оның ішінде: энергетика және энергия үнемдеуші технологиялар,мұнай химия және газ өнеркәсібі, машина құрылысы, металлургия, көлік, тау-кен өнеркәсібі, әуе және ғарыш салалары бар", делінген баспасөз мәслихатында таралған баспасөз хабарламасында.
Форум мен көрмеге тұтас алғанда 110 компанияның өкілдері қатыспақ.
В.Жигулиннің айтуынша, форумға Қазақстан, Ресей, Беларусияның сауда-өнеркәсіптік палаталарының президенттері қатысады.
Форум шеңберінде стол басындағы әңгімелер өтпек. Оған қатысушылар Кеден одағы елдерінің ДСҰ енуіне орай энергетика саласында ынтымақтастықты кеңейту, интеллектуалды меншік нысандары құқықтарын қорғау, КО шеңберінде шағын және орта бизнеске мемлекетік қолдау мәселелерін талқылайды.

Алматы. 4 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту