«Жасыл» экономикаға өту үшін Қазақстанға жыл сайын 3-4 млрд доллар қаржы қажет – министрлік

размер шрифта: Aa | Aa
05.06.2013 13:52

 «Жасыл экономикаға» өту жөніндегі тұжырымдамасына сүйенсек Қазақстанға жыл сайын 3-4 млрд доллар көлемінде қаржы қажет болмақ.
Сәрсенбі күні Астанада Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров «Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту жөніндегі тұжырымдамамен таныстырды.

Ведомство мәліметінше, 2050 жылға қарай «жасыл экономикаға» қатысты өзгерістер ІЖӨ-ді 3 пайыз арттырып, 500 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетудің жаңа салаларының ашуға, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.
«Жалпы, жыл сайын «жасыл экономикаға» өту үшін ІЖӨ-нің 1 пайызы көлемінде қаржы қажет болмақ. Яғни, жылына 3-4 млрд доллар деген сөз», - делінген құжатта.

Астана. 5-маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту