Атырауда қараусыз қалған ұңғымадан мұнай 30 жыл бойы сыртқа төгілуде

размер шрифта: Aa | Aa
06.06.2013 09:55
 Атырау облысында ұңғымалардың бірінен мұнай 30 жыл бойы жерге төгіліп келеді.

600 шаршы метр аумақты ластаған ұңғыма туралы облыстық ТЖД-дан хабарлады.

Департамент мамандарының ақпарына сүйенсек, Құрманғазы ауданының Сарышағыл-4 учаскесіндегі ұңғыма 1980 жылдардың ортасында бұрғыланған. Бүгінде ұңғыма орналасқан аумақ ешбір мұнай компаниясының еншісіне кірмейді. Сондықтан оны жою жұмыстарын қандай да бір жер қойнауын пайдаланушы компанияға міндеттеу мүмкін емес. Ол қараусыз қалған ұңғымаларды жоюға бағытталған мемлекеттік бағдарламадан да тыс қалды. Дұрыс бекітілмеген ұңғымадан қанша мұнай әлі сыртқа ағатыны белгісіз.

 АТЫРАУ. 6 маусым. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Атырау облысыТөтенше оқиғаларапаттарМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту