Атырау облысында мұнай төгілген жағдайда қалай қимылдау керектігін пысықтау мақсатында жаттығулар жүргізілуде

размер шрифта: Aa | Aa
07.06.2013 11:24

Атырау облысында мұнай төгілген жағдайда қалай қимылдау керектігін пысықтау мақсатында "Қашаған-2013" жаттығулары жүргізілуде, деп хабарлады республиканың ТЖМ.

altЖұмада таралған ақпаратқа қарағанда, жаттығулар барысында Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнайдың төгілуі сияқты апатты жағдайлар бола қалған күнде North Caspian Operating Company (NCOC) консорциуымы құралдары мен күштерінің дайындығы қандай, сол жағы тексерілмек.
Жаттығулардың мақсаты – төтенше жағдай орын ала қалған күнде ұйымдардың міндеттемелері мен механизмдерін айқындап алу және келісу.
Жаттығулар екі кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңде қатысушылар аймақтық деңгейде төгілген мұнайдың салдарын жоюға қатысты іс-шараларды пысықтайды, екінші кезеңде басқа елдердің күштерінің жұмылдырылуы тексеріледі.
Жаттығуларға Қазақстан ТЖМ, Атырау және Маңғыстау облыстары ТЖД, мүдделі мемлекеттік органдардың және Oil Spil Response ltd., NCOC, Аgip kco, NCPOC мұнай компанияларының өкілдері қатысуда.

Астана. 7 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту