Атырауда «Oil Spill Response Limited» компаниясы мұнай төгілуін жойды

размер шрифта: Aa | Aa
09.06.2013 10:28
Атырау облысында «Oil Spill Response Limited» компаниясы қатысқан «Қашаған-2013» ауқымды оқулары аяқталды 2 күнге жалғасқан оқулардың басты мақсаты - «Қашаған»  мұнай кен орнын игеруге қатысатын компаниялардың, құтқару қызметтерінің апаттық 2 деңгейлі мұнай төгілуін жоюға дайындығын тексеру болды.

Мұнымен оқулар аяқталған жоқ. Міндет күрделенді. 6 маусым күні сағат 10:15-де Каспий теңізінде «Д» аралында 3 деңгейлі мұнайдың төгілгені және мұнай дағының жаға аймағына қарай жылжығаны туралы кіріспе оқулар басталды.

Мұндай апаттарды жоюмен бүкіл әлемде 3 деңгейлі мұнай апатын және оның салдарын жоюға мамандандырылған Ұлыбританияның бір ғана  - «Oil Spill Response Limited» компаниясы айналысады.

Компания барлық көлік түрлерімен - жерүсті, су, әуе көліктерімен - жарақтанған, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген,  заманауи базасы бар. Дәл осы компания  Мексикадағы мұнай төгілуі төтенше оқиғасын жойды, одан бұрын Аляска шығанағында жұмыс істеді.

Жұма күні Ұлыбританиядан Атырауға жабдықтар тиелген және мамандар командасы бар ұшақ келді.  Қалыптасқан шартты апаттық жағдайға сәйкес, «Қашаған» кен орнының «Д» аралына «Oil Spill Response Limited» компаниясы Атырауға жабайы жануарларды құтқару және іздестіру-құтқару операцияларына арналған кешен, жабайы жануарларды құтқару кезінде тазалау және қалыпқа келтіруге арналған кешен, ластанудан тазалауға арналған жинақ, жаға бондары, үрлемелі жабын, су бетінен мұнай жинау жабдықтары, оны сорып алуға арналған вакуумді құрылғы жеткізілді. Шартты мұнайдың төгілуі және оның салдары жойылды.

«Республикалық  «Қашаған-2013» командалық-штабтық оқулар екі себеп бойынша бірегей болып табылады. Біріншіден, біз оларға болуы ықтимал апаттарды жоюға қатысатын барлық қызметтерді тартып отырмыз. Екіншіден, оған апат болған жағдайда халықаралық инфракұрылымды қолданып, сапалы қызмет ететін трансұлттық компаниялар тартылған», - деп хабарлады «НКОК» директоры басшысының орынбасары Жақып Марабаев.

Оқулар барысында апатты мұнай төгілуі болған жағдайда «Қашаған» кен орнында мұнай операцияларымен айналысатын Солтүстік-Каспий консорциумы мүшелерінің облыстық әкімдікпен, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен және аймақтық төтенше жағдайлар органдарымен өзара іс-қимылы пысықталды.

АТЫРАУ. 8 маусым. ҚазАқпарат ­
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газҚоғам
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту