Атырау облысында мұнай құбыры жарылып, қара алтын 3,2 мың шаршы метр жерге төгілді

размер шрифта: Aa | Aa
10.06.2013 10:45
 Атырау облысында беймәлім себептермен мұнай құбырының жарылуы болды.

Облыстық ТЖД-ден хабарлағандай, апат «ЕмбіМұнайГаз» құрылымдық бөлімшесінің «ЖайықМұнайГаз» мұнай-газ өндіру басқармасында орын алды. Мұнай құбыры «Жаңаталап» пен «Балғымбаев» кен орындарының учаскесінде жарылды.

ТЖД мәліметіне сүйенсек, апат салдарынан жапа шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, мұнай өнімдері төгілген аумақ 3 123 шаршы метрді құрайды.

 

АТЫРАУ. 10 маусым. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Төтенше оқиғаларапаттарОқиғаМұнай-газАтырау облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту