Қарағанды облысында мұнай құбырынан қара алтынды ұрлаған екі ер адам ұсталды

размер шрифта: Aa | Aa
11.06.2013 10:47
Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан қара алтынды ұрлаған екі ер адам ұсталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«8 маусым күні Ұлытау АІІБ-ге жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің күзетшілері жүгініп, олар «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан заңсыз жасалған тесікті тапқандарын хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы бағытталды. Тәртіп сақшылары мен ЖШС күзетшілері мұнайға толтырылған цистернасы бар «ГАЗ-53» көлігін тоқтатты», - делінген хабарламада.

Ұстау барысында көлікте Жезқазған қаласының 25 және 38 жастағы екі тұрғыны болды. «Ұсталғандар кінәсін мойындады. Цистернасы бар көлік тәркіленді, онда 4700 литр мұнай болды», - деп көрсетілген хабарламада.

Екі күдікті де уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

ҚАРАҒАНДЫ. 10 маусым. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Мұнай-газҚылмыспен күресҚарағанды облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту