Атырау облысында төгілген мұнайдың мөлшері 101 тоннаны құрады

размер шрифта: Aa | Aa
11.06.2013 10:48
Атырау облысында «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ның «ЖайықМұнайГаз» мұнай-газ өндіру басқармасына (МГӨБ) тиесілі мұнай құбыры жарылып, 101 тонна қара алтын жерге төгілді.

Бұл туралы Исатай ауданының прокуроры Мақсат Ермеков хабарлады.

Мұнай жайылған аумақ 3200 шаршы метрді құрады.

«Апат «Жаңаталап-Балғымбаев» мұнай құбырының 11-ші шақырымында 2013 жылдың 7 маусымында сағат шамамен 23.00-де орын алды. Төтенше жағдай диаметрі 219 мм металды құбырдың ескіруі - коллектордағы жарықтың салдарынан болды. Сол күні «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ бригадасы апатты жойды, мұнайдың мұнай құбыры бойынша айдалуы қалпына келтірілді. Бүгінгі таңда аумақты тазалау жұмыстары жүргізілуде», - деді М.Ермеков.

АТЫРАУ. 10 маусым. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыТөтенше оқиғаларапаттарМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту