Тақырыбы: СЫР ӨҢІРІНДЕГІ СЕРПІЛІС

размер шрифта: Aa | Aa
11.06.2013 11:00

Сыр өңірінде шыны зауытын салу жобасы республикалық индустрияландыру картасына енді. Облыс әкімдігінің табандылығының нәтижесінде он шақты жылдан бері сіресіп тұрған мәселе ілгері жылжыды. Зауыттың іргетасын қалау тамыз айына жоспарланып отыр.  Оны қытайлық «Yaohua Glass Group» компаниясы мен «Самұрық – Қазына Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесіп жүзеге асырмақ. Жылдық қуаттылығы - 175 мың тонна. Еуропалық стандартта салынатын өндіріс үшін дайын өнімді қайда өткіземіз деп алаңдауға негіз жоқ. Себебі, қазіргі таңда елімізде құрылысқа пайдаланып отырған шынының барлығы импорт. Мамандардың айтуынша, Арал өңірінде кварц құмы өте көп. Бірақ, қазіргі таңда өнімнің санынан бұрын, сапасына жұмыс жасау көзделуде. Жобаның құны 18,9 миллиард теңге.

Сонымен қатар, Жаңақорған ауданында күн сәулесінен электр энергиясын алатын станция салу жоспарланып отыр. Мамандар зауыттың қуаттылығы 50 МВт болмақ. Құрылысы тамыз айында басталып, жыл соңына дейін аяқталады. Бұл жобаны жүзеге асыруға 14 миллиард қаржы қажет. Екі зауыт та баламасы жоқ өндіріс орны болады. Ірі зауыт пен алып өндірісі жоқ өңір үшін бұл үлкен жаңалық.

Жалпы, алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша, облыстқа тартылған инвестиция көлемі 47 млрд. теңге. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,2 есе көп. Инвестицияның негізгі үлесі кен өндіру және карьерлерді қазу өндірісінің еншісіне тиеді. Облыстың келешегі тау-кен өндірісімен байланысты болғандықтан, инвестиция көлемінің арта түсуі жақсылықтың нышаны деп бағалауға әбден лайық. Облыс бойынша тартылған инвестицияның жартысынан астамы Қызылорда қаласының үлесіне тиеді. Аудандар арасында Жалағаш ауданының үлесі басым.  Жалпы, 2013 жылдың алғашқы тоқсанында облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі 327 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 45,7 пайызға өсіп отыр. Шағын бизнес кәсіпорындарының көлемі де ұлғайып келеді. Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, шағын және орта бизнес кәсіпорындары шығарған өнім көлемі біршама  көбейді. Шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорындарының қатарында Қызылорда қаласының, Шиелі және Қазалы аудандарының үлес салмағы басым.


11 маусым. Munaigas.kz тілшісі  М.Серікқызы

 

 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту