Премьер-министр мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты алаңдаушылық білдірді

размер шрифта: Aa | Aa
11.06.2013 12:35

 Премьер-министр Серік Ахметов Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевқа елдегі мұнай өндіру көлемін бақылауда ұстауды тапсырды.
«Сауат Мұхаметбайұлы, мұнай өндіру қарқынының төмендегеніне сіз бен ҚазМұнайГаздың назарын аударғым келеді», - деді ол үкіметтің сейсенбідегі отырысында.

«Мұнай және газ министрлігі осы мәселелерге назар аударуы тиіс. Жылдың соңындағы нәтижелер мұнай мен газ өндірісіне байланысты болмақ, сондықтан осыған көңіл бөлулеріңізді сұраймын», - деп тапсырды ол.

Астана. 11-маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту