Словакиялық компаниялар Қарағанды облысында энергетика саласында бірқатар жобаларды жүзеге асырып отыр

размер шрифта: Aa | Aa
14.06.2013 15:32

Словакияның "Фотовольт Кошице" және Istroenergo Group компаниялары Қарағанды облысында энергетика саласында бірқатар жобаларды жүзеге асырып отыр.

Ұлттық кеңес төрағасы Павол Пашканың төрағалық етуімен Словакия республикасы делегациясының Қазақстанға сапары аясында Қарағанды облысы әкімшілігімен арада энергетика саласында ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумда "Шахтинсктеплоэнерго" ЖШС-нің словакиялық "Фотовольт Кошице" және Istroenergo Group компанияларымен Шахтинск жылу электр станциясын қайта құрудың инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру шаралары көзделген.
Сонымен қатар Сарань әкімшілігі және "Фотовольт Кошице" өкілдері 60 МВт фотовольт электр станциясын салу мүмкіндігі туралы меморандумға қол қойды.
"Ынтымақтастығымыздың өнімді болатындығына сенімдімін. Меморандумдар осы жоспарларымызды жүзеге асырудың басы болмақ", деді Ұлттық кеңес төрағасы П.Пашка Қарағандыда словак делегациясының әкімшіліктердің өкілдерімен кездесуі барысында.
Словакия республикасының бизнес-делегациясы сапар шеңберінде Қарағанды облысының 60 кәсіпорнының өкілімен кездесті.

Қарағанды. 14 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту