Қызылорда облысында қызыл мия тамырын өңдейтін зауыттың құрылысы қарқын алды.

размер шрифта: Aa | Aa
17.06.2013 09:40

Қызылорда облысында қызыл мия тамырынан ерітінді дайындайтын кәсіпорынның құрылысы қарқын алды. Қатарынан үш зауыт орналасатын кешенді «Бис-Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатыр. Негізі, Сыр бойы қызыл мияның отаны саналады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша облыста  80 мың  гектардан астам жерде мияның жабайы түрі кездеседі. Әйтсе де, ежелгі гректер «сақтың алтын тамыры» деп әспеттеген емдік шипасы мол осы өсімдікті әлі күнге игілігімізге пайдаланбанбағане. Ал әлемдік нарықта дала шөбінің ерітіндісінен дайындалған  1200 түрлі медициналық препараттар сатылады қазір. Әсіресе, иммунитетті көтеруге арналған дәрілерге таптырмайтын қоспа. Соңғы уақытта қызыл мияны тамырымен қопарып әкетіп жатыр, дегенді жиі естіп жүрміз. Ал, жаңа кәсіпорын  2000 гектар жерге қызыл мия егетін болды. Осылайша дертке дауа шөпті өңдеп, заңды жолмен экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.  Зауыт құрылысы үш жылға созылмақ. Толық қуатында іске қосылғанда, өндіріс жылына 22 мың тонна қызыл мия тамырын өңдейді. Әрі 320 адам жұмыспен қамтылмақ. Айта кету керек, тың бастаманы қолға алған серіктестік бұған дейін Жосалы терминалында вагон жуу станциясын салған. 

17 маусым.  Қызылорда.  Munaigaz.kz тілшісі М.Серікқызы

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту