Қазақстан шикі мұнайға кедендік әкету баждарының ставкаларын өзгертті

размер шрифта: Aa | Aa
18.06.2013 09:29

Қазақстан үкіметі шикі мұнайға кедендік әкету баждарының ставкаларын өзгертті. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  Аталмыш үкімет қаулысы ресми баспасөзде сейсенбіде жарық көрді.

Құжатқа сәйкес 1-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылған: «Баж ставкасы (1 тонна үшін доллармен)» деген бағанда: «164,97», «109,98», «109,98», «109,98», деген сандар тиісінше «168,88», «112,59», «112,59», «112,59» деген сандармен ауыстырылсын».

АСТАНА, 18 мау  –Қазақстан жаңалықтары АА

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту