Атырауда Каспий шельфін дамыту мәселесі талқыға салынады

размер шрифта: Aa | Aa
18.06.2013 09:37
Атырау қаласында 19-20 маусым аралығында III халықаралық мұнай-газ конференциясы және «Каспий шельфінің дамуы» көрмесі өтеді.

«Каспий теңізіндегі шельфтік кен орындары жобасын сәтті әзірлеуге арналған заманауи технологиялар» форумның басты тақырыбына айналмақ.

Атырауда ірі мұнай-газ операторларының өкілдері, саланың басты сарапшылары, халықаралық ұйымдар мен Каспий маңы елдері мемлекеттік органдарының өкілдері бас қосады деп күтілуде. Алғашқы күні каспийлік шельфтегі мұнай-газ саласын стратегиялық дамытудағы соңғы жетістіктер, шельфті игерудегі экологиялық қауіпсіздік мәселелері, технологиялық инновациялар талқыға салынбақ. Жиынның екінші күні Каспийдегі өңірлік жобаларға арналады. Оның ішінде Қазақстан мен Түркіменстанда шельфтік кен орындарын әзірлеу, барлаудың инновациялық технологиялары және Каспий теңізінің ресейлік секторындағы шельфтік кен орындарын игеру бар.

 АТЫРАУ. 18 маусым. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту