ҚазМұнайГаз БӨ Жаңаөзенде құны 4 млрд теңгені құрайтын жерасты қондырғысын жөндейтін цехты іске қосты

размер шрифта: Aa | Aa
18.06.2013 18:29

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Жаңаөзенде жерасты қондырғысын диагностикалау және жөндеу жөніндегі цехты іске қосты, деп компанияның бас директоры Абат Нұрсейітов мәлімдеді.

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ға Жаңаөзен қаласындағы жерасты қондырғысын диагностикалау және жөндеу жөніндегі жаңа цех 4 млрд теңгеге шықты. Бұл бірегей цехтың ТМД бойынша баламасы жоқ», - деп ол бүгін цехтың ашылуы кезінде атап көрсетті.
Қазір цехта 200 адам жұмыс істейді. Олардың бәрі «Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшылары. Әзірге олар бір ауысыммен жұмыс істейді, содан кейін тәулік бойы режімге көшіп, штатты екі есе арттырамыз. Өзен кеніші жұмыс істеп тұрғанда бұл цехқа үнемі сұраныс бола бермек», - дейді ол.

Жаңаөзен. 18 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту