Әлемдік мұнай өндіру саласында Каспий өңірінің рөлі ұлғаяды - Ричард Джонс

размер шрифта: Aa | Aa
20.06.2013 12:12
 Каспий өңірі болашақта әлемдік мұнай өндіру саласында маңызды рөл атқаратын болады.

Бұлай деп Халықаралық энергетика агенттігінің (IEA) атқарушы директорының орынбасары Ричард Джонс Атырауда өтіп жатқан «Каспий қайраңын дамыту» атты ІІІ халықаралық мұнай-газ конференциясында мәлімдеді.

«Мол ресурстық қоры бар Каспий өңірі әлемдік энергетика нарығында маңызды рөл атқаруы тиіс және атқара береді де. Бірақ ол үшін көп инвестиция мен күш салу керек. Сондықтан Каспий елдерінің үкіметтері инвестицияның ашықтығы мен келісімшарттарға дербес құқығын сақтауды қамтамасыз етуі тиіс», - деді Р. Джонс.

Оның мәлімдеуінше, жергілікті мұнай өндірісі әлі де көп уақытқа дейін тәулігіне 2,93 млн. баррель деңгейін сақтап тұрады.

АТЫРАУ. 19 маусым. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: КаспийАтырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту