2020 жылға қарай Қазақстанда мұнай өндірісі 130 млн. тоннаға дейін артады

размер шрифта: Aa | Aa
21.06.2013 12:15
 Қазақстанда 2020 жылға қарай мұнай өндірісі қазіргі 80 млн.тоннадан шамамен 130 млн.тоннаға дейін артатын болады.

Бұл туралы Атырауда өткен «Каспий шельфін дамыту» III-ші халықаралық мұнай-газ конференциясында «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ондаған жылдар бойы игеріліп жатқан жер бетіндегі кен ошақтарының қоры азайып келеді және олардың денінде өндіру жұмыстары тиімділігін жоғалтуда. Сондықтан кезекте - болашағы бар жаңа кен орындарын игеру. Бұл бағытта Каспий шельфі алғашқы кезекте тұр. Оның есебінен елімізде өндірілген мұнайдың көлемін арттыруға жол ашылмақ.

АТЫРАУ. 21 маусым. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыӨнеркәсіпМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту