Қазақстанның теңіз кен орындарында мұнай қоры 98 млн.тоннаға артты - Әсет Мағауов

размер шрифта: Aa | Aa
21.06.2013 12:17
Соңғы есептеулер Каспий шельфінің қазақстандық бөлігінен алынып отырған қорлардың дәлелденген өсімі 98 млн.тоннаны құрағанын көрсетіп отыр.

Бұл туралы Атырауда өткен «Каспий шельфін дамыту» III-ші халықаралық мұнай-газ конференциясында «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов мәлімдеді.

«Оның ішінде Қаламқас кен орнынан алынып отырған қорлар 67 млн.тоннаға, Хазар кен ошағында 31 млн.тоннаға артты. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қатысуымен Сәтбаев, Махамбет, Жамбыл, Бөбек теңіз блоктарында геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда. Исатай, Абай, Жеңіс, Оқжетпес жаңа барлау блоктары бойынша келіссөздер жүргізілуде», - деп атап өтті Ә.Мағауов.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда 2020 жылға қарай мұнай өндіру жұмыстарын жылына қазіргі 80 млн.тоннадан 130 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Өсімнің басым бөлігі теңіз кен ошақтарының есебінен қамтамасыз етілмек.

АТЫРАУ. 21 маусым. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: ӨнеркәсіпМұнай-газАтырау облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту