КАСПИЙ ШЕЛЬФІН ДАМЫТУ. Атырауда үшінші халықаралық мұнай-газ конференциясы өтіп жатыр

размер шрифта: Aa | Aa
21.06.2013 15:41

2020 жылға таман Қазақстанда мұнай өндіру мүмкіндігін 80 миллион тоннадан 130 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланады. Бұл Каспий теңізіндегі кен орындарын игеру арқылы жүзеге аспақ.  Каспий шельфі Қазақстанға жаһандық мұнай және газ  өндіруде  өз мүмкіндіктерін нығайтуға  ықпал ететін орасан зор қоры бар энергетикалық орталық. Сондықтан Каспий шельфін дамыту  түрлі инновациялық жоғарғы технологияларды талап етеді. 

Екі күнге созылған  конференция отырысында ірі мұнай-газ операторлары, саланың сарапшылары,  халықаралық ұйым мен  Каспий жағалауы елдерінің мемлекеттік орган өкілдері  «шельфтік кеніштер жобаларын  тиімді  жүзеге асыруға  қажетті ультра заманауи технологиялар» тақырыбында  тәжірибе бөлісіп, ойларын ортаға салды. Каспий теңізіннен мұнай игерудегі ең ірі жоба  Қашаған кен орнының іске қосылуы таяған шақта бұл  кездесудің мән-маңызы зор,- дейді қатысушылар. KAZENERGY» ќауымдастыєының бас директоры Әсет Мағауов былай дейді: «Үшінші халықаралық мұнай-газ конференциясы мен «Каспий шельфін дамыту» көрмесі  Қазақстан мұнайының астанасы – Атырауда ұйымдастырылуы өте орынды.  Бұл үлкен Каспий  мұнайын игеру барысының шешуші деңгейге асысқандығының белгісі. Біз шельфтің дәл осы Қазақстандық бөлігінде  алғашқы өндірістік мұнайды алуды жоспарлап отырмыз»

21 маусым. Munaigaz.kz тілшісі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту