Қазақстан геологиялық барлауға инвестиция тарта отырып, заңдарды жеңілдетеді - Ә.Мағауов

размер шрифта: Aa | Aa
24.06.2013 11:50

Қазақстан геологиялық барлауға инвестиция тарта отырып, заңнамаға қажетті өзгертулер енгізеді.

Бұл жайында Атырауда өткен «Каспий шельфін дамыту» атты ІІІ халықаралық мұнай-газ конференциясы мен көрмесінде сөз қозғалды.

Қазақстан 2020 жылға қарай мұнай өндіру көлемін қазіргі жылына 80 млн. тоннадан 130 млн. тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Өсімнің айтарлықтай үлесі теңіздегі кен орындары есебінен қамтамасыз етілетін болады. Дегенмен оған мол инвестиция қажет. Ал инвестицияны Қазақстанда да, сонымен қатар Каспий теңізі жағалауындағы басқа да елдерде тарту мәселесін конференцияға қатысушылар кеңінен қозғады.

Шетелдік сарапшылар мен мұнайгаз компаниялары өкілдерінің баса атап өткеніндей, Қазақстанда Үкімет, сондай-ақ Мемлекет басшысы тарапынан инвестиция мен жасалған келісімшарттар үшін сенімділік қамтамасыз етілген. Бұл трансұлттық компаниялар тарабынан елге инвестиция ағынының еселене түсуіне өз септігін тигізеді. Бірақ бұл инвестициялар қоры кеңес дәуірінде белгілі болған кен орындарына құйылуда. Ал ендігі уақытта геологиялық барлауға да инвестиция құю қажет. Айта кетерлігі, геологиялық барлау жұмыстары әр кезде де перспективасы жоғары жаңа кен орнының ашылуымен аяқталмақ емес. Нәтижесіз бұрғылау салдарынан миллиондаған қаражат желге ұшатындығы да бар.

«Осыған орай Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі инвесторлардың геологиялық барлауға инвестиция құюын ынталандыру үшін заңнамаға өзгертулер дайындау бағытында үлкен жұмыстар жүргізуде», - деді «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов.

Автор: Марлан Жиембай

АТЫРАУ. 22 маусым. ҚазАқпарат  
Ключевые слова: ӨнеркәсіпМұнай-газАтырау облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту