Назарбаев: Қазақстанның Қашағандағы ConocoPhillips үлесін сатып алу құқы бар

размер шрифта: Aa | Aa
27.06.2013 17:29

Қазақстанның Қашаған мұнай кен орнын игеру жобасындағы ConocoPhillips үлесін өз бетінше сатып алуға немесе сатып алу құқын басқа инвесторға беруге құқы бар, деп мәлімдеді республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев.


"Қазақстан Қашаған кен орнын игеру жобасының ірі қатысушыларының бірі. Акционерлердің бірінің өз үлесін сатпақ шешімі орынды құбылыс. Бірақ бұл мәселеде Қазақстанның рұқсаты керек, біздің елдің оны сатып алуға немесе сатып алу құқын басқа инвесторға беруге құқы бар. Қазір бұл мәселе қаралуда. Жуық арада ол ойдағыдай аяқталады деп ойлаймын", деді Н.Назарбаев бейсенбіде Астананы қоршай "жасыл белдеуді" дамыту мәселелерінің нәтижелері бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Астана. 27 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту