Назарбаев Румыния премьерімен сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастық мәселелерін талқылады

размер шрифта: Aa | Aa
28.06.2013 16:06

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Румыния премьер-министрі Виктор Понтамен кездесу өткізді, деп мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында екіжақты саяси өзара байланыс мәселелері, сауда-экономикалық, инвестициялық, транспорттық-логистикалық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.
Н.Назарбаев Румыния премьер-министрінің Қазақстанға сапары екі ел әріптестігін кеңейту үшін жақсы мүмкіндік екенін атап көрсетті.
«Сіздер Қазақстан премьер-министрімен, үкімет мүшелерімен кездесулер өткізіп, келешек ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқыладыңыздар. Бүгінгі таңда елдеріміз арасында жоғарғы деңгейдегі кездесулер көп өтеді, мен Румынияда болдым, Румыния президенті де біздің елге келді.
айналым арта түсуде.
В.Понта кездесу үшін алғыс айтып, қазақстандық әріптестермен өткізілген келіссөздер жемісті сипатта болғанын атап көрсетті.

Астана. 28 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту