Ұлыбритания Премьер-министрі: Қашаған Қазақстанның мұнайгаз саласын дамытудың символы болып табылады

размер шрифта: Aa | Aa
01.07.2013 10:56

Ұлыбритания Премьер-министрі Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон Қашаған жобасын жүзеге асырудың Қазақстан үшін маңыздылығын атап көрсетті.

«Оның таңқаларлық ауқымы ел әлеуетін айғақтайды», - деп Д.Кэмерон «Болашақ» кешенді мұнайгаз дайындау зауытының ашылу салтанатында атап көрсетті.
Ол Қашаған Қазақстанның мұнайгаз саласының дамытудың символы болып табылатынын атап өтті және британдық Shell компаниясы жобаны жүзеге асыруға қатысқанына риза екенін жеткізді.
Премьер Қазақстан мен Ұлыбритания инвестиция ағынын қамтамасыз ете отырып сауда-экономикалық байланысын белсенді дамыта алатынын атап көрсетті.
Ашылау салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Каспий жобасы тиімді халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі екенін мәлімдеді.

Астана. 1 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту