Қазақстан Солтүстік Каспий жобасына қатысушылардан табиғат қорғау шараларын жалғастыру жобасын күтеді– Назарбаев

размер шрифта: Aa | Aa
01.07.2013 10:59

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар табиғат қорғау шараларына инвестициялауды жалғастырады деген сенімде екенін мәлімдеді.

«Таяуда Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі жөніндегі тұжырымдама бекіттік. Ол барлық өмір саласындағы табиғат ресурстарын пайдалануды оңтайландыруға бағытталған. Солтүстік Каспий консорциумы мүшелерінен табиғат қорғау шараларын белсенді жалғастыруды күтеміз. Қоршаған ортаға кері ықпалды барынша жойып, мұнайдың апатты төгілуіне жол бермеу керек», - деп Елбасы Н.Назарбаев «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының ашылу салтанатында атап көрсетті.«Солтүстік Каспий жобасы бойынша барлық кеніштерді игерудің экологиялық құрамын ерекше бөліп көрсеткім келеді. Бүгінгі Каспий әлемнің ірі мұнайлы аймақтарының бірі ретінде көптеген инвесторлардың қызығушылығын арттырады. Бірақ біз Каспий теңізі алуан түрлі жануарлар мен өсімдік әлеміне бай ерекше табиғи аймақ екенін ұмытпауымыз керек. Оның нәзік экологиялық жүйесін аяулау әрбір жер қойнауын пайдаланушының тікелей міндеті. Өткен жылдарда қоршаған ортаны қорғау саласында көптеген бағдарламалар орындалды. Бірақ әлі көп іс күтіп тұр», - дейді президент.

Астана. 1 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту