Қазақстанға Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон келді

размер шрифта: Aa | Aa
01.07.2013 09:10
Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келді.

Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты қарым-қатынастары тарихындағы британдық үкімет басшысының біздің елімізге жасаған алғашқы сапары Атырауда басталды. Оны Атырау халықаралық әуежайында осы аймақта жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дэвид Кэмерон Қашағанның мұнайы тазаланатын «Болашақ» зауытына баруды жоспарлап отыр. Атырауға оралған соң, Елбасы мен Ұлыбритания Премьер-Министрі қазақстандық-британдық экономикалық форумға қатысуы тиіс.

АТЫРАУ. 30 маусым. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Қазақстан және ЕуропаАтырау облысыМұнай-газҚазақстан Президенті
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту