Каспийдің нәзік экожүйесіне қамқорлықпен қарау - жер қойнауын пайдаланушының әрқайсының міндеті - Н.Назарбаев

размер шрифта: Aa | Aa
01.07.2013 10:57
Атырауда Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен бірге «Болашақ» зауытының ашылу салтанатына қатысқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кен орындарын игерудің экологиялық жағын ерекше атап өтті.

«Біз Каспий теңізінің таңқаларлықтай сан алуан жануарлар мен өсімдік әлемі бар ерекше табиғи аймақ екенін ұмытпауға тиіспіз. Оның нәзік экожүйесіне қамқорлықпен қарау - жер қойнауын пайдаланушының әрқайсының міндеті. Өткен жылдарда қоршаған ортаны қорғау саласында көптеген бағдарлама орындалды. Бірақ әлі атқарылатын жұмыстар бұдан да көп», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.                 
Қазақстан Президенті күн тәртібіндегі негізгі мәселе қатарына экологиялық таза технологиялар мен баламалы энергия көздерін енгізудің шығып отырғанын да атап өтті.
«Жақында біз Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі жөніндегі тұжырымдаманы бекіттік. Ол тіршіліктің барлық саласында табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға бағытталған. Біз Консорциум мүшелерінен табиғатты қорғау іс-шараларын белсене жалғастыруды күтеміз. Қоршаған ортаға әсер ететін жағымсыз ықпалды азайтып, мұнайдың бейберекет төгілуіне жол бермеу керек», - деген міндет қойды Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асырып жатқан консорциум алдында Мемлекет басшысы.

АТЫРАУ. 30 маусым. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Атырау облысыКаспийМұнай-газЭкологияҚазақстан Президенті
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту