ҚР Президенті мен Ұлыбритания Премьер-Министріне «Сенсабот» роботы таныстырылды

размер шрифта: Aa | Aa
01.07.2013 12:14
Бүгін Атырау облысындағы «Болашақ» зауытына келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронға қашықтықтан басқарылатын «Сенсабот» роботы таныстырылды.

«Норт Каспиан Оперейтинг Компании» басқарушы директоры Пьер Оффанның айтуынша, кен орнындағы жоғары қысым мен қашағандық флюидтердің зиянды екенін ескере отырып, консорциум Shell Global Solutions-пен бірлесіп, АҚШ-тың Питтсбург қаласында орналасқан Ұлттық робототехника орталығында арнайы тапсырыспен жобаланған қашықтықтан басқарылатын «Сенсабот» роботын жасақтауда.

Жуырда «Сенсабот» техниканың соңғы жетістігі ретінде АҚШ Президенті Барак Обамаға таныстырылды.

Бірінші кезеңде қашықтықтан басқарылатын «Сенсабот» роботы газ және вибрация құрылғыларымен жабдықталады, сондай-ақ оған сегіз камера орнатылады. Осының арқасында робот күннің кез-келген мезгілінде бақылау жүргізе алады. Жобаның бұл бөлігі 2014 жылдың аяғына қарай енгізілуі тиіс.

АТЫРАУ. 30 маусым. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газҚазақстан ПрезидентіҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстан және Еуропа
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту