Қазақстан мен Ұлыбритания жалпы құны 1 млрд доллардан асатын келісімдер бекітті

размер шрифта: Aa | Aa
01.07.2013 18:21

 Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмеронның Қазақстанға сапары шеңберінде екі ел бизнесмендері жалпы құны 1 млрд доллар болатын оннан астам келісім бекітті.

Kaznex Invest ұлттық агенттігінің хабарлауынша, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі SUN Gold компаниясымен Ақтөбе облысындағы «Юбилейный» кенішінде кен байыту кешенін салу, ал Rio Tinto компаниясымен геологиялық зерттеулер орталығын ашу туралы келісімдер бекітті.
Сонымен қатар, британдық Dando Drilling International, Kaznex Invest және «Қазгеология» АҚ Қазақстанда бұрғылау қондырғыларын құрастыратын кәсіпорын салу туралы меморандум бекітті.

Астана. 1-шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту