Қашаған жобасын аяқтауға тағы 250 млрд доллар қажет – Ұлыбритания премьері

размер шрифта: Aa | Aa
01.07.2013 18:22

Солтүстік Каспий жобасының қатысушылары Қашаған кенішін игеруге 40-50 млрд доллар қаржы жұмсады. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мәлім етті.

«Бұл тек эксперименталды саты ғана. Біздің есебіміз бойынша, жобаны аяқтау үшін 4-5 есе көп қаржы қажет», - деді ол дүйсенбі күні қазақ-британ бизнес форумында.
«Мен ынтымақтастығымызды нығайтып, әрі қарай да бірлесе жұмыс жасауды ұсынғым келеді. Солтүстік теңіздегі британдық компаниялардың тәжірибесін Қазақстандағы серіктестер Каспийде пайдаланса, біз осы жобаның жемісін көрсек деген тілегіміз бар», - деді Д.Кэмерон.

Астана. 1-шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту